Астанаға қар кеш жауғандықтан 2 млрд теңге бюджет үнемделген

299

Шаһарда су тапшылығы жоқ. 

Астанаға қар кеш жауғандықтан 2 млрд теңге бюджет үнемделген Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек есеп беру брифингінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бастапқыда оған БАҚ өкілі "биыл Астанаға қар кеш түсуіне байланысты қанша ақша үнемделді?" деген сұрақ қойылды. 

"Биыл біз 1,5 айдың ішінде 2 млрд теңгені үнемдедік. Қалада шешімін таппаған мәселелер көп. Мысалы, мектептер мен балабақшалар. Үнемделген қаржы осы мақсатқа жұмсалады. Қар бір айға кеш түсті. 2 млрд теңге үнемделді. Бұл соманы әлеуметтік салаға жұмсаймыз", –  деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар ол Астанадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты ойымен бөлісті. 

"Мен ресми түрде тағы бір атап өтейін, қалада су тапшылығы жоқ. Ал алдағы бірнеше жылға белгілі бір ресурстар бар. Сонымен қатар біз су құбырының екінші қосымша желісінің құрылысын аяқтап жатырмыз. Астана су қоймасынан Нұра кен орнына су құбырын тартуды, сондай-ақ "Тельман" сорғы стансасын кеңейту бойынша жобалау жұмыстарын бастап жатырмыз. Бұл бізге 2030 жылға дейін халықты таза ауызмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу