Астанаға қауырт уақытта кіретін көліктерден ақы алу ұсынылды

1100

Астанаға қауырт уақытта кіретін көліктерден ақы алу ұсынылды

Елорда билігі қарбалас уақытта Астанаға ақылы кіруді енгізу мәселесін қарастырып жатыр, деп жазды sputniknews.kz.
Бейсенбі күні қоғамдық тыңдау өтіп, онда "Елорданың көліктік кешенін дамытуға бағытталған 2017 жылғы шаралар бағдарламасы" ұсынылды.
Іс-шарада таратылған баспасөз хабарламасына сәйкес, қала көшесіндегі кептелісті жою мақсатында қарбалас уақытта "Ақылы кіру" жобасын енгізу жоспарланып отыр.

"Көлік кептелісі деңгейі жоғарылаған мерзімде ақылы кіру мәселесі қаралып отыр. Мақсатымыз қалаға ақылы кіруді енгізу емес, сағат 7 мен 9:30 аралығындағы қарбалас кезеңде көлік кептелісін азайту", — деді "Астана LRT" компаниясының көлік жөніндегі директоры Рустам Халилев.

Ол бұл өзгерістің себебін де түсіндіріп өтті.

"Біз адамдарды қоғамдық көлікпен жүруге насихаттаймыз, себебі бір автобусқа 100 адам сыяды. Егер автокөлік санына бөлсек, тіпті бір көлікке екі адам деген күннің өзінде 50 автокөлік шығады", — деп ойын қорытты директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу