Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған Астанадағы V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға Қазақстан елордасы Астана қаласына ат басын бұрғаныма өте қуаныштымын. Бұл шара тек дәстүрлі спорт түрлерін біріктіру үшін ғана емес, әлемге ортақ мәдени мұрамызды сақтап қалуға және оны болашақ ұрпаққа табыстауға бел буғанымызды көрсететін маңызды оқиға. Қазақстан көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға көп күш жұмсады. Бұл қазақ халқының күш қуатын, дәстүрге деген адалдығын айқын көрсетті", - деді Біләл Ердоған салтанатты шарада.