Астанаға келген туристер кез-келген уақытта тіркеуге тұра алады

1081

 Астанаға келген туристер кез-келген уақытта тіркеуге тұра алады

Елордаға келетін туристер тунде де тіркеуге тұра алатын болды. Астана Ішкі істер департаменті уақытша тіркеу қызметі тәулік бойы жұмыс істеуге көшкенін хабарлады. Ол үшін кезекші инспекторлар тағайындалған. Осылайша, қала әкімшілігі ЭКПО-2017 көрмесіне келетін қонақтар үшін барлық жағдайды жасауда. Сондай-ақ, Астана әкімшілігі арнайы ақпарат беру орталығын құрып, 8-800-080-38-38 нөмірі бойынша тәулік бойы қызмет көрсетуге дайын. Қазіргі таңда Экспо көрмесі аумағында құрылған біріңғай қызмет көрсету орталығында көші-көн басқармасының қызметкерлері шақыртулар, тіркеу жұмыстары мен визаларды рәсімдеуде. Елордаға келетін туристердің ағымына қарай тағы да бірнеше тіркеу орындарын ашу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу