Қазір 200 мың тұрғыны бар 30-ға жуық елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Биыл тағы 50-ден аса аймаққа газ құбырын тарту көзделген. Ал Астанаға осы отын түрі қашан жеткізелетіні әлі белгісіз, деп хабарлайды 24.kz.
Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бір ғана магистраль желілерін салу үшін 200 млрд теңгеден астам қаражат керек. Бұған қоса әр елді мекенге көгілдір отын кіргізу үшін қосымша қаржы жұмсалады. Қазір бұл мәселе 8кіметте қаралып жатыр. Сондай-ақ Байқоңырды газбен қамту мәселесі де биліктің назарында. Егер тиісті шешім шықса, жыл соңына дейін онда газ берілетін болады.
"Байқоңырдағы әлеуметтік маңызды нысандарды газбен қамтуға бізде мүмкіндік бар. Бұл мәселені үкімет жіті қарап жатыр. Біз апта сайын есеп беріп отырамыз. Сондықтан биыл алдымен әлеуметтік нысандарға көгілдір отын жеткізіледі деген сенімдеміз", - дейді ҚР энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.