Елордаға көлікпен кіру шектелмейді

150

Бұл туралы Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде айтты.

Елордаға көлікпен кіру шектелмейді Фото: Үкімет

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуінде осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астанаға көлікпен кіруге шектеу қою мәселесі қарастырылған жоқ. Қарастырылмайды да", - деді қала басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін 2028 жылға дейін Астана агломерациясы қалай дамитыны туралы айтылған болатын.

Еске сала кетейік, агломерация құрамына Астана және Қосшы қалалары, сондай-ақ Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандарының 45 елді мекені кіреді. 2024–2028 жылдарға арналған Астана агломерациясын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Ақмола облысында 245 іс-шараны жүзеге асыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу