Қалада жалпы көмірдің қоры бейсенбі күні – 10561,87 тоннаны құрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астанаға "Қаражыра" маркасы мен "Майкөбе" маркалы көмірінің 1596 тоннасы келіп түсті. "Шұбаркөл" маркалы көмірінің бағасы астанада – 13 600 теңге, "Қаражыра" - 13 500 теңге, "Майкөбе" - 12 500 теңге, "Богатырь комир" - 9000 теңге, "Кузнецкий" - тоннасы 12 250 мың теңге.
Астанада көмір сататын 8 компания бар.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір өндірушілермен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу