Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу