Хайтам әл-Гайс 2-4 қазанда аралығында Kazakhstan Energy Week–2025 атты Еуразиялық форумына қатысатынын растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Беделді іс-шараға өз үлесімді қосып, пленарлық сессияға қатысатыныма қуаныштымын", – деді Хайтам әл-Гайс.
Халықаралық форумға әлемдік көшбасшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жаһандық және өңірлік энергетикалық компаниялардың басшылары дәстүрлі түрде бас қосады. Олар саланың негізгі трендтерін, сын-қатерлері мен перспективаларын талқылайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу