Астанаға Пәкістанның әскери делегациясы келді

166

Қазақстан және Пәкістан өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Астанаға Пәкістанның әскери делегациясы келді Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс ведомствосында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Асиф Гхафурдың басшылығымен шетелдік делегациямен хаттамалық кездесуі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сапар барысында Пәкістан делегациясы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Шетелдік қонақтармен әскери білім ордасының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков және ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері кездесті.

Брифингте оларға Ұлттық қорғаныс университетінің тарихы, оқу бағдарламалары және материалдық-техникалық базасы туралы айтылды. Жоғары оқу орнында делегация пәкістандық әскери өнер аудиториясын көрді.

ҚР Қарулы күштері Бас штабы академиясының тыңдаушылары үшін Пәкістанның стратегиялық зерттеулер институтының бас директоры генерал-майор Раза Айзад "Оңтүстік Азия – Орталық Азия, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл перспективалары" тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шаралар университеттер арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды. Құжат тәжірибе, озық практика, кітапхана ресурстарымен алмасуды, симпозиумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуды көздейді.

Бұдан бөлек пәкістандық әріптестер әскери-стратегиялық зерттеулер орталығына, ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу