Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 1 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"1 қарашада Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Қазақстанға ресми сапары өтеді, сапар барысында ел басшылығымен кездесулер жоспарлануда", - деді Айбек Смадияров дүйсенбі күні Астанада өткен баспасөз жиыны.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, аймақаралық, көліктік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы, сондай-ақ "Байқоңыр" кешеніне байланысты байланыс мәселелелрі талқыланады", - деді ол.
Еске сала кетейік, 2 қарашада Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Премьер- министрлер ядролық апат бола қалған жағдайдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.