Астанаға сириялық қарулы оппозицияның 24 өкілетті өкілі келді

634

Астанаға сириялық қарулы оппозицияның 24 өкілетті өкілі келді

Бүгін елордада Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің алтыншы раунды өз жұмысын бастайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

"Күні кеше ғана Қазақстан астанасына оған қатысушы барлық тарап келді. Ресей делегациясына РФ пезидентінің Сирия мәселелерін реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия мен Иран делегацияларына аталған елдердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Седат Онал мен Джабер Ансари басшылық жасайды. Сонымен қатар БҰҰ бас хатшысының  Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура, Америкалық делегацияның басшысы - АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығысты реттеу жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Дэвид Саттерфильд, иорданиялық делегация басшысы аталған елдің Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Науаф Уасфи Тель жиынға қатыспақ. Мұнан бөлек, сириялық қарулы оппозицияның 24 өкілетті өкілдері де келді", - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу