Сирия мәселесіне қатысты Астанада өтетін кезекті келіссөздерге Шам елінің оппозициясы да келетіндерін растады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.
Сондай-ақ, министр дөңгелек үстелге қатысатын кепіл мемлекеттердің делегациялары әзірден-ақ Елордаға келіп жатқанын жеткізді. Келіссөздерге АҚШ –тарапынан мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері бойынша көмекшісі Стюарт Джонс қатыспақ. Ал, Біріккен ұлттар ұйымынан, бас хатшының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі Стафан де Мистура келеді деп күтілуде. Айта кетейік, кездесу 4-і мен 5-і аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Онда, тараптар Сириядағы деэскалация аймағының параметрлерін нақты бекітілулері тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу