Словакияның премьер-министрі Петер Пеллегрини Астанаға ресми іссапармен келеді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"14-16 қарашада Словакияның премьер-министрі Петер Пеллегрини Астанаға ресми іссапармен келеді. Бұл екі ел қатынасының тарихындағы премьер-министрлер деңгейінде өтетін алғашқы кездесу болмақ", - дейді ол.
Словакия премьер-министрімен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен үкімет басшысының кездесуі жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақстан-Словакия бизнес форумы өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу