Астанаға Сүрия делегациясы келді

1055

Астанаға Сүрия делегациясы келді

Елордаға Астана процесінің 6-кезеңіне қатысу үшін Сүрия араб республикасының үкіметтік делегациясы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әдеттегідей делегацияға БҰҰ жанындағы Сүрияның тұрақты өкілі Башар Джафари басшылық жасайды. Ертең делегация процеске басқа да қатысушылармен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Сонымен қатар сириялық қарулы оппозицияның да қатысатындығы күтілуде", - деді Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдерінің сарапшылық консультациясы бүгін өтеді. Ал Астана процесі аясында Сүрия мәселесі бойынша кезекті кездесу 14-15 қыркүйек күндері  болады. Бұл жолғы кездесуде деэскалацияны бақылау күштерінің әрекетін реттейтін бірқатар құжаттар қаралады. Кездесуге қатысушылар Идлиб, Хомс және Шығыс Гуттегі деэскалациялық аймақтардың картасын жасамақ. Координациялық орталық, тұтқындарды босатумен айналысатын жұмыс тобы, қайтыс болғандардың денесін алмасу туралы жобалар қаралмақ. Мұнан бөлек, тараптар Сүриядағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне кірген тарихи ескерткіштерді минадан тазарту жөнінде екіжақты үндеу жариялайды деп күтілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу