Астанаға тартылған инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жетті - Әсет Исекешев

771

Астанаға тартылған инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жетті - Әсет Исекешев

20 жылдың ішінде қала мемлекет бюджетіне 6 трлн теңгеге жуық қаражат кірісін қамтамасыз етті. Осы уақыт аралығында алынған трансферттердің көлемі 2,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың құрылысы мен дамуына бөлінген қаржы бірнеше еселенген көлемде қайтты. Сондай-ақ, бюджеттен тыс инвестициялардың үлесі 80%-ды құрады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев  елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында мәлім етті.

20 жыл ішінде Астананың экономикасына шамамен 8 трлн теңге инвестиция құйылды. Өткен жылы тартылған инвестициялардың көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 945 млрд теңгені құрады. Оның 200 млрд теңгеге жуығы – тікелей шетелдік инвестициялар.

"Бюджеттен тыс инвестициялардың өсімін атап өткім келеді. Олардың үлесі 80%-ға жетті. Сіздің құрған даму моделіңіздің арқасында 20 жыл ішінде қала мемлекет бюджетіне 6 трлн теңгеге жуық қаражат кірісін қамтамасыз етті. Осы уақыт аралығында алынған трансферттердің көлемі 2,3 трлн теңгені құрады", - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.

Астана әкімінің айтуынша, мемлекеттік бюджетке түсімдер 78 есе өсіп, 1 трлн теңгені құрады. Оның 77% республикалық бюджетке бағытталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу