"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Telegram негізін қалаушы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің кеңсесіне барған.
Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 18 маусымда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын хабарлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу