Астаналық 11 жастағы оқушы төрт тілде 853 кітап оқыған

544

Ол кітап оқуды төрт жасынан бастаған.

Астаналық 11 жастағы оқушы төрт тілде 853 кітап оқыған Фото: Astana news

Астаналық 11 жастағы Алтынай Өтеубаева төрт тілде 853 кітап оқып үлгерген,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   

Ол биыл Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы атанды, 

Алтынай кітап оқуға төрт жасынан бастап қызыққан. Ол қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдеріндегі шығармаларды оқиды. Әсіресе шытырман оқиғалы кітаптарды ұнатады.

Оқушы оқыған шығармаларының мазмұнын еркін баяндап, кейіпкерлері мен оқиғалары туралы қызыға әңгімелейді. Шет тіліндегі әдебиеттерді ата-анасы арнайы Ұлыбританиядан алдырып отырған.

Бұған дейін Алтынай Астанадағы №17 мектеп-гимназиясында білім алған. Биыл білімге деген қызығушылығы мен ізденісін Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғастырды.

Оның мақсаты – кітап оқуды тоқтатпай, жаңа шығармалармен танысу және білім көкжиегін кеңейту. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу