Астаналық 14 жастағы теннисші Австралиядағы турнирдің финалына жетті

357

Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық 14 жастағы теннисші Австралиядағы турнирдің финалына жетті

"Мельбурн Паркінің" кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды. 14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды. Есеп – 7:6, 4:6, 2:6.

Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін қаншама көп күш жұмсадым. Дегенмен жылды жақсы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл – мұндай беделді турнирдегі бірінші финал. Тамаша апта және жақсы турнир болды. Мен одан тек оң нәтиже ала аламын, дейді жас спортшы.

Айта кетсек, Альбина Какенова – Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі. "Дәулет" теннис орталығында Марат Шариповтың жетекшілігімен жаттығады.

Жалпы өткен жылы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Азия рейтингінде Қазақстан маусымды 1-орында аяқтап, ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясының жалпы төрт турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу