Тұрғын үй сатып алғысы келетіндердің күдігін оятпау үшін ол мемлекеттік мекемеде байланыстары барын айтып алдаған. Шын мәнінде, әйелдің мемлекеттік мекемеге ешқандай қатысы жоқ.
"Әйел 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін елорданың 10-ға жуық тұрғынын алдаған. Жәбірленушілер енгізген бастапқы жарна сомасы 1-ден 1,5 млн теңгеге дейін болған. Өзінің сыйақысын ол бірден алған, алайда берген уәдесін орындайтын ойы болмаған", - деп жазды елордалық полиция департаментінен.
Қала тұрғыны кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Полиция атап өткендей, аталған баптың санкциясы 1 мың АЕК-ке дейінгі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге дейін немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.