Астаналық ардагерлерге қосымша тағы 1 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетіледі

512

Елорда қалалық мәслихатының жобасында бұл ақпарат бюджеттің қосымша шығыны ретінде көрсетілген деп жазады, inbusiness.kz. 

Астаналық ардагерлерге қосымша тағы 1 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетіледі Фото: BaigeNews.kz

"2023 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне 800 мың теңгеден қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін. 2023 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, екінші некеге тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне  30 мың теңге көлемінде көмек берілсін", - делінген Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасында.

 Мәліметтерге сүйенсек, елордада 12 ардагер бар, олардың әрқайсысына қосымша көмекпен бірге 1 031 150 теңгеден төленуі тиіс. Ал қайтыс болған сарбаздың жалғыз жесіріне 67 950 теңге төленетін болды.

Қосымша бюджет шығындары 9,6 млн. теңгені құрайтыны көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу