Астаналық азамат 10 жыл бұрын жоғалған жеке куәлікпен несие алған

1113

Астаналық азамат 10 жыл бұрын жоғалған жеке куәлікпен несие алған

Астанада 2013 жылы "алаяқтық" бабымен бірнеше қылмыс жасаған тұрғынға үкім шықты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Өзге азаматтың 10 жыл бұрын жоғалған жеке куәлігі арқылы тұрғын бірнеше несие алған.

"Айыпталушы Т. есімді азаматтың  атындағы 2007 жылы жоғалтып алған  жеке куәлікті қолданып жүрген. Алдау арқылы Астанадағы банк бөлімшелерінен несиелер алған. Барлығын есептегенде 831 235 теңге залал келтірген", — деді "Алматы" ауданы прокуратурасының  бөлімшесінің прокуроры Ерлан Конаров.

№ 2 Алматы ауданық соттың үкімі бойынша айыпкер кінәлі деп танылып, оған екі жыл бас бостандығынан айыру және келтірген залалды өтеу деген жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу