Астаналық азамат көпшілік шоғырланған орындарға тегін су кулерін орнатты

873

Астаналық азамат көпшілік шоғырланған орындарға тегін су кулерін орнатты

Санжар Боқаев есімді астаналық азамат көпшілік шоғырланған орындарға тегін су кулерін орнатып, қоғамға қозғау салды, деп хабарлайды kazislam.kz.

"Астанада екінші күн қатарынан аномалды аптап орнады. 35-36 градусқа шыдау қиын. Біз қайырымды іс жасағымыз келді, екінші күн қатарынан халық шоғырланған орындарға тегін су құтыларын орнатудамыз. Негізінен, қарт кісілер, жас балалар мен жүкті әйелдер ризашылық білдіруде. Осы үшін қуанамыз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс. Біздің әрбіріміз еліміздің әрбір азаматы және қала қонақтары үшін жауапты болуымыз керек", - дейді елорда тұрғыны.

Астана қаласы және Ақмола облысында аптап ыстыққа байланысты алдын ала ескерту жарияланды. "Казгидромет" орталығының хабарлауынша, ауа температурасы Астанада 33-35 градусты көрсетеді. Синоптиктердің болжамынша, Астанада жоғары температура 26-27 маусым күндері болады. Осы күндері көлеңкедегі ауа температурасы 39 градус болады деп күтілуде. 28 маусымнан кейін салқын температура орнай бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу