Астаналық азаматша рақымшылыққа ілінді

909

Астаналық азаматша рақымшылыққа ілінді

11 жастағы оқушы Данияр Бусурмановты  көлігімен қағып өлтірген астаналық азаматша рақымшылыққа ілінді. Жол-көлік апаты 2015 жылы мамырда "Қазақстан" спорт кешенінің маңында орын алған болатын, деп хабар таратты Астана сотының баспасөз қызметі.

2015 жылдың қарашасында Toyota Land Cruiser көлігінің рулінде болған Айман Сәкенова көлік апатына кінәлі деп танылған еді. Оған 2,5 жылға жалпы колонияда жазасын өтеу туралы сот үкімі шықты. Сонымен қатар, 5 жылға көлік басқаруға тыйым салынды. Дегенмен оның аяғы ауыр болғандықтан, сот жазасын бір жылға шегерген болатын. "Алматы аудандық №2 соты сотталушының қолдаухатын қарады және Сәкенованы бас бостандығынан айыру жазасынан босатты", - деп мәлімдеді Астана сотының баспасөз қызметі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу