Астаналық бармен есірткі таратқаны үшін 15 жылға қамалуы мүмкін – полиция

525

Бір апта бұрын елордалық түнгі клубтың 22 жастағы бармені " target="_blank">есірткі таратқаны үшін ұсталды.  

Астаналық бармен есірткі таратқаны үшін 15 жылға қамалуы мүмкін – полиция Фото: pexels.com

Күдікті өзінің жұмыс орнында – түнгі клубтың бар үстелінде мефедрон сатуды ұйымдастырған, деп жазады inbusiness.kz.

"Астана қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, жеткілікті дәлелдеме базасын алып, есірткіні ойын-сауық орындарында өткізгені үшiн түнгі клубта бармен болып жұмыс істейтін жас жігітті ұстады. Оның жалға алған пәтерін тінту кезінде "каннабис" және "синтетикалық" есірткі заттары да тәркіленді", - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде 4 грамм мефедрон және 11 грамм гашиш тәркіленді.

"Енді күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді Ш.Тұрлыбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу