Бұл туралы inbusiness.kz ПІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оралдық тұрғындарды кардиохирург пен аритмолог – облыстық кардиологиялық орталықта, ал ангиохирург – облыстық көпсалалы ауруханада (диагностикалық корпус) қабылдайды. Мамандар 18 қазан күні 10:00-ден 18:00-ге дейін, 19 қазанда 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді (13:00-14:00 аралығында түскі үзіліс).
Кеңес алуға келушілердің қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамалары болуы керек. Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін:
· кардиохирургке – ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын, коронарография/КТ дискісін және қолда бар үзінді көшірмелерін, тексерулерін, сараптамаларын;
· аритмологқа – ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын;
·ангиохирургке – қантамыр УДДГ, КТ дискісін немесе аортография және қолда бар үзінді көшірмелерін, сараптамаларды әкелу қажет.
"Біз өңірде жиі кездесетін ауру түрлерін ескере келе биыл кардиохирург, аритмолог, ангиохирургтар барғаны дұрыс деп таптық. Осыған дейін 9 ай ішінде біздің мамандар 8 облысты аралап, 1000-ға жуық науқасқа көмек көрсетті", – дейді бригада мүшесі Талғат Сарсембаев.
Ресми дерек бойынша, республиканың 650 елді мекенінде емдеу мекемесі жоқ. Облыс орталықтарының өзінде білікті салалық дәрігерлер тапшы. ҚР Президентінің іс басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасының мамандары жыл сайын "Менің сүйікті дәрігерім" көшпелі акциясы арқылы өңірлерде тұратын халықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосып келеді.