Астаналық гидротораптар тасқын суды өткізуге дайын

991

Астаналық гидротораптар тасқын суды өткізуге дайын

Астанада су тасқынына қарсы қалалық жұмыс тобы құрылды және 2017 тармақтан тұратын кешенді шаралар жоспары іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жоспарға сәйкес, қала аумағында су басуы мүмкін 37 учаске анықталды. Қазіргі уақытта бұл учаскелерге мамандар барып, су тасқынына қарсы шаралар әзірленді. Сонымен бірге елорда әкімдігі кешенді жоспарды орындауға бағытталған бірнеше негізгі шараны белгілеп қойды.

Бірінші кезектегі шара – Есіл өзенінің жоғарғы ағысы тексерілді, нәтижесінде қар қорының шамадан 20-30%-ға көп екені анықталды, қалыпты норма 50 мм болуы тиіс. Мамандардың хабарлауынша, Есіл өзенінде көктемде Астана су қоймасына 200-280 млн текше метр су жиналады деп болжанып отыр. Қазір Астана гидроторабы қар суын өткізуге толықтай дайын.

Астана су қоймасының жобалық қуаты 410 млн текше метр бола тұра, бүгінгі күні ондағы жиналған су 285,9 млн текше метр немесе 69,9%. Астана су қоймасында су ағынын қабылдау және қауіпсіз өткізу мақсатында қосымша сыйымдылықты дайындау үшін "Казводхоз" РМК-мен бірлесіп, күшейтілген шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен бірге "Астана қаласы Есіл өзенінің көктемгі қар суынан қорғау" нысанында бөгетті күшейту жұмысы жүргізіліп, кешен қар суын өткізуге толықтай дайын.

Майбалық көлінің аумағы да маңызды аумақ саналады. Қазіргі уақытта көл суының деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда жарты метрге төмен, және ондағы су мөлшері 65 млн текше метр. Бүгінгі күні каналды тазарту және жағасын бекіту, елорда әуежайының ұшу-қону жолағын су басудың алдын алу мақсатында бөгет тұрғызу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге Есіл өзенінің арнасын кеңейту жұмысы жүргізіліп жатыр, бұл шаралар газмашаппаратура ауданында аяқталды. Бұған қоса, өзенді тереңдету және арнасын кеңейту жұмысы да қолға алынған.

Қала басшылығы Кіші Талдыкөл көлінің аумағына да ерекше көңіл бөліп отыр, оған қатысты арнайы шаралар жоспарланып, жауапты мемлекеттік органдар мен құрылыс компаниялары белгіленді.

13 наурыздағы жағдай бойынша, қыс кезінде қала аумағынан 4,9 млн текше метр қар шығарылған, бұл былтырғыдан 2 есе көп. Қар жинау жұмысы 20 наурызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл су тасқынына қарсы шараларға 1,4 млрд теңге қарастырылған, бұл қажет шығынды жабуға жетерлік, дейді елорда әкімдігіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу