Астаналық гимнаст халықаралық турнирде күміс медаль алды

746

Әлемдік гимнастика күнтізбесіне енгізілген аталмыш шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді.

Астаналық гимнаст халықаралық турнирде күміс медаль алды

Астаналық гимнастшы Сабина Бакатова Олимпиада чемпионы Марина Лобачтың сыйлығы үшін көркем гимнастикадан өткен XVI халықаралық турнирде күміс медаль алды, деп хабарлайды қалалық мәдениет және спорт басқармасы.

Минск қаласындағы (Беларусь) жарыста Израиль, Италия, Қазақстан, Кипр, Литва, Польша, Ресей, Украина, Эстония және Беларусь сынды 10 мемлекеттің спортшысы бәсекеге түсті. 

Әлемдік гимнастика күнтізбесіне енгізілген аталмыш шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Марина Лобач 1988 жылы Сеул қаласында көркем гимнастикадан Кеңес Одағының атынан алғашқы алтын медальді олжалаған болатын.

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабина Бакатова Астана әкімдігінің мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. Қазіргі кезде спортшы Куала-Лумпурда өткен Азия чемпионатында екі алтын және бір қола медальді қанжығасына байлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу