Астана қалалық прокуратурасы электрондық мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстық схеманы әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қызметтік қолжетімділігін пайдалана отырып, серіктестікті аталған тізілімнен заңсыз алып тастаған қызметі үшін бас маман кәсіпкерден 10 млн теңге сыйақы алған.
Қала прокуратурасы ақпаратты заңсыз жою фактісіне қатысты ҚК-нің 206-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, дереу шара қабылдады.
Тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу