Астаналық қоғамдық көлік жолаушылары жолақысын үнемдей алады

953

Астаналық қоғамдық көлік жолаушылары жолақысын үнемдей алады

Астанада қалалық және жедел бағыттағы автобус жолаушыларына жолақыны үнемдеуге мүмкіндік пайда болады. Бұл жолақы төлеудің ASTRA Plat электрондық жүйесі енгізілгеннен кейін іске асып отыр, деп жазады alrt.kz.

"PLAT" арнайы фирмалық жапсырмасы ілінген автобустардың бәрінде жолақыны ASTRA көлік карталарымен төлей аласыз.

Карталарды сауда орталықтарында орналасқан RTVM автоматтарынан, ASTRA Plat кассаларынан сатып алуға және толтыруға болады.

Көлік картасының артықшылығы, онымен төлем жасағаннан кейінгі 60 минут ішінде ASTRA жүйесі бар кез келген бағытқа тегін ауысып отыра аласыз. 10 рет жол жүру тарифтік жоспарын сатып алсаңыз тағы бір рет жол жүру тегін. Бұл, көлік картасын пайдаланасаңыз жолақысын 10 пайыз үнемдейсіз деген сөз. Қолма-қол ақша төлеу мен жол жүру билеті де күшінде қала беретінін ескертеміз.

Көлік карталарын пайдалану оңай. Ол үшін картаңызды автобус есігінен кіре берісте немесе жүргізушінің жанындағы консольде орналасқан валидаторға қойсаңыз болды. Егер "жасыл" индикатор жанса, онда төлемнің сәтті өткендігі.  "Қызыл жанса", ол сізге керекті тарифтік жоспардың жоқтығын немесе картаңыздың бұғатталуына байланысты төлем жүргізілмегендігін білдіреді.

Ал, пайдаланылмаған жол жүру бірліктерінің есебін валидатор немесе RTVM автоматтары арқылы біле аласыз. Ол үшін көлік картасын валидаторға қойып, "Ақпарат" батырмасын бассаңыз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу