Астаналық құтқарушылар Есіл өзенін тәулік бойы патрульдеуге кірісті

158

Шомылу маусымы басталмаса да, күннің салқын болғанына қарамастан Есілдің суына түсетіндер бар.      

Астаналық құтқарушылар Есіл өзенін тәулік бойы патрульдеуге кірісті Фото: gov.kz

Дені ересектердің қарауынсыз жүрген – жеткіншектер, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының құтқарушылары Есіл-Нұра өзендерін тәулік бойы патрульдеуге көшті. Шомылу маусымы басталмағандықтан суға түсуге рұқсат етілген қалалық жағажайлар әлі жабық. Осыған қарамастан, тұрғындар белгіленбеген жерде өзенге түсіп, басын қауіп қатерге жиі тігіп жүр.

"Рұқсат етілмеген жерде шомылғандарға суға түскені үшін алдымен ескерту жасалады. Заңбұзушылық тағы қайталанса Әкімшілік кодекстің 364-бабына сәйкес айыппұл салынады, оның мөлщері – 8 мың теңгеге жуық", – дейді ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері.

Ал, қала бойынша Астана әкімінің қаулысымен рұқсат етілген 5 жағажай бар. Сол бес жағажайда қауіпсіздік талаптары толықтай сақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу