Астаналық құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды

408

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезден бастап қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтық қорғау органдарының 69 қызметкері қаза тапты.

Астаналық құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін дәстүр бойынша Құтқарушылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, елордалық гарнизонның құтқарушылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен  қаза тапқан әріптестерін "Құтқарушылар саябағы" саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қаза тапқан қызметкерлерді еске алу рәсімі барысында азаматтық қорғау органдарына жаңадан келген қырық екі қызметкер ант қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы елордада Адольф Янушкевич пен Александр Пушкин көшелерінің қиылысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың құрметіне "Құтқарушылар саябағы" сквері ашылды.

"Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезден бастап қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтық қорғау органдарының 69 қызметкері қаза тапты. Олардың барлығы өз ісіне адал болғандар деп білемін. Бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылар басқалардың өмірін сақтап қалу үшін өз өмірлерін қатерге тігуге дайын екендігінің тағы бір дәлелі. Олар заманымыздың нағыз батырлары. Олардың қызметі батылдықты, адалдықты және құрбандықты қажет етеді. Өз өміріне қауіп төндіре отырып, үнемі төтенше жағдайлардың ортасында болады, азаматтарымызды қорғау үшін отпен және түрлі апаттармен күреседі. Осы саябақтағы ескерткіш ерлік пен жанқиярлықтың, батырлық пен ісіне адалдықтың материалдық байлықтан гөрі құнды екенін еске салады. Қиын сәттерде адамдар бірігіп, мүмкін емес нәрсені жасай алатындығын білдіреді", - деп атап өтті Сырым Шәріпханов өз сөзінде.

Құтқарушылар әріптесі Асқар Забикулинді еске алды. 2022 жылдың қараша айында елордалық биік қабатты үйдлердің бірінде өрт болып, адамдарды құтқару кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, елордалық Өрт сөндіруші Асқар Забикулин ерлікпен қаза тапты.

Асқар Забикулин әрқашан өзінің ержүректілігімен, батылдығымен және кәсібіне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Жұмысқа үлкен құрметпен және жауапкершілікпен қарады, жоғары сынып маманы болды.

Олар туралы мейірімді, жарқын және мәңгілік естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу