Астаналық қыз әлеуметтік желідегі танысының шотынан ақша жымқырған

215

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астаналық қыз әлеуметтік желідегі танысының шотынан ақша жымқырған Фото: Pixabay.com

Әлеуметтік желідегі танысының шотынан ақша жымқырған астаналық қыз анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, оның шотынан ақша ұрланғанын айтып арызданған. Ол әлеуметтік желі арқылы 22 жастағы елордалық қызбен танысқанын айтты. Біраз уақыт онлайн хат алмасудан кейін, ол бикешті жеке кездесуге шақырған. Кафеде басталған отырысты жастар қонақүйде жалғастырған. Таңертен ер адам ұйықтап жатқан кезде, қаскүнем оның шотынан 640 мың теңгені басқа шотқа аударып, бөлмеден қашып кеткен.

“Есіл” ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қызды анықтады. Ол кафеде шот төлеу кезінде жігіттің банктік қосымшасындағы құпия кодты көріп алғанын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қыздың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу