Астанадағы 47 мектепке робототехника сыныптары ашылып, оған бюджеттен 183 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Елордалық білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, жыл соңына дейін қаладағы тағы 37 мектепте роботехника сыныптары ашылып, оған қажетті құрал-жабдықтар алынады деп жоспарлануда. Робототехника негізгі пән емес, қосымша пән ретінде өткізіледі. Барлық мектептерде факультатив ретінде өтетіндіктен, оқушылар оған өз еркімен қатысатын болады. Робототехника пәндерін информатика пәнінің мұғалімдері өткізетін болады. Олардың барлығы Назарбаев Университетінде арнайы оқыту курстарынан өтті.
Робототехника пәнінің сыныптары орта есеппен 8-10 оқушыға арналып жабдықталған. Әзірге бір аптада 2-4 рет өткізілу жоспарланған. Қосымша пәнге оқушылар тарапынан қызығушылық артса сағат санын көбейтіледі.