Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасының абсолютті чемпионы атанды

375

Астананың "Smart Technological School" мектебінің оқушылары Сингапурда өткен математикадан халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасының абсолютті чемпионы атанды Фото: gov.kz

17-22 маусым аралығында Сингапурде "StemCo Global Finals Maths 2026/SGFM 2026" халықаралық олимпиадасының финалы өтті. Білім додасына әр елдегі ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен оқушылар қатысты.

Астаналық жас математиктер жоғары нәтиже көрсетті. 5-сынып оқушысы Әлімжан Көпеев абсолютті чемпион атанып, алтын медальмен марапатталды. Ал Әлихан Мұрат III орын алып, қола жүлдеге ие болды.

Олимпиадаға қатысушылар Сингапурдың озық математикалық бағдарламасына негізделген күрделі тапсырмаларды орындады. Олар есеп шығарумен қатар, логикалық ойлау, талдау және білімді практикалық жағдайда қолдану қабілеттерін көрсетті.

Айта кетейік, халықаралық финалға "Smart Technological School" мектебінен барған екі оқушы да жүлдемен оралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу