Сербияның Врнячка Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем біріншілігінде Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Жауынбай Әлімжан шахматтан әлем чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Он бір жасқа дейінгі жас санатында классикалық шахматтан өнер көрсеткен Әлімжан қарсыластарынан озып шықты.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында Әлімжанның туған інісі Алдияр да шахматтан әлем чемпионы атанған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу