Астаналық оқушылар бүгін де қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылғы 21 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда оқушылары бірнеше күн қатарынан қашықтан оқу форматына көшірілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу