Астаналық оқушыларға арналған 1 млн 200 мыңнан астам оқулық пен әдістемелік кешен жеткізілді

397

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.  

Астаналық оқушыларға арналған 1 млн 200 мыңнан астам оқулық пен әдістемелік кешен жеткізілді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Оқу жылы басталғанға дейін Астана мектептері жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада 2026-2027 оқу жылына дайындық аясында мектептерді жаңа оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіліп жатыр.

"Жаңа оқу жылында Астана қаласының оқушыларын қажетті оқу әдебиетімен толық қамтамасыз ету мақсатында 14 баспадан 1 млн 200 мыңнан астам дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешен сатып алынды", – деп хабарлады қалалық әкімдік.

Бүгінде сатып алынған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер қалаға толық жеткізілді. Қазіргі таңда оларды елорда мектептеріне тарату жұмысы жүргізіліп жатыр.

Оқу әдебиеттерін мектептерге жеткізу жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық білім алушыны қажетті оқулықтармен қамтамасыз етуге басымдық беріледі.

31 тамызға дейін Астана қаласындағы барлық оқушыны оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу