Астаналық полицей кәмпитке қақалған баланың өмірін сақтап қалды

429

Оқиға қала ішіндегі маршруттық автобустардың бірінде болған.  

Астаналық полицей кәмпитке қақалған баланың өмірін сақтап қалды Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Жолда келе жатқан кезде балалар арбасында отырған сәби кенеттен кәмпитке қақалып, тыныс ала алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолаушылардың бірі жағдайды байқап, дереу көмекке ұмтылды. Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданды. Көп ұзамай сәбидің тыныс алуы қалпына келді.

Баланың өміріне қауіп төнген сәтте кәсіби дағдысы мен алғашқы көмек көрсету тәжірибесін дұрыс қолданған азамат Астана қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері – Әлішер Жарқымбеков.

ЖҚАЖ жауынгерінің бұл әрекеті қызметтік міндеттен тыс уақытта да адам өміріне жауапкершілікпен қараудың нақты үлгісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу