Астаналық саябақта жаңа аттракцион пайда болады

828

Астаналық саябақта жаңа аттракцион пайда болады

Астананың Астаналық саябағында осы жазда италияндық "Шолу дөңгелегі" аттракционы орнатылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Астаналық саябақта жаңа аттракцион ашылады. Бұл экстрималды емес отбасылық аттракцион, жалпы кабиналар саны - 14, отыратын орындар саны 56 адамға есептелген, биіктігі - 22 метр. Бұл жерден жағалауға, Тұран даңғылына және Есіл өзені арқылы өтетін жаңа жаяу жүргіншілер көпіріне көз салуға болады.

Айта кетейік, еліміздегі ең үлкен "Шолу дөңгелегі" елордада орналасқан. Оның биіктігі - 65 метр, салмағы 270 тоннаға жетеді. Әр кабинаның сыйымдылығы - алты адамға дейін, жүк көтергіштігі - 600 кг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу