Астаналық шабандоз 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді

573

Сайын Нұрдәулет "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсерген.  

Астаналық шабандоз 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Күні кеше басталған "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды.

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннестің рекордтар кітабына үшінші болып енді.

  • Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12 кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды.
  • Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады.
  • Осыған сәйкес, қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралатын болады.
  • Айта кетейік, жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтеді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу