Астанада 27 жастағы стример Маржан Әділбек тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтып, "көңіл көтеретін газ" қолданғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тікелей эфир барысында әйел әуе шарынан "көңіл көтеретін газ" қолданған.
Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Сонымен қатар полиция эфир өткен мекемеге қатысты тексеріс бастаған. Құқық қорғау органдары Қазақстанда таралуына тыйым салынған "көңіл көтеретін газдың" қолданылуына да жеке құқықтық баға бермек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу