Астаналық тәртіп сақшылары көшедегі көлік кептелісінің себебін түсіндірді

1296

Астаналық тәртіп сақшылары көшедегі көлік кептелісінің себебін түсіндірді

Ауа райының күрт суытуы, шаһардағы көліктердің көптігі кептелістің жиі орын алуына себеп болып отыр. Бұл туралы әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Бақытжан Алтыбай мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Елордаға қыс ерте келді. Соның салдарынан қала көшелерінде кептеліс пайда болды. Ол жүргізушілерге қиындық тудыруда. Екіншіден, көлік санының өсуі де бұған әсер етіп отыр. Мысалы, 1999 жылы Астанада 40 мың, 2010 жылы 209 мың, 2016 жылы 343 мың көлік тіркелген. Бұл елорда бойынша ғана. Ал шаһарға күніне еліміздің басқа облыстарынан қаншама көлік келеді. Сонымен қатар, Қазақстанның өзге өңірінде тіркелген және транзиттік автокөліктер де бар. Қала көшелеріндегі кептеліске осылар себеп", –  деді ол.

Сондай-ақ, Бақытжан Алтыбай көлік кептелісін болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары коммуналдық қызметке көмектесіп жатқанын атап өтті. Соған қарамастан қалада жол-көлік апаты жиілеген.

"Жол-патрульдік, әкімшілік полиция қызметкерлері жол тазалау жұмыстарына көмек көрсетіп жатыр. "Астана тазалық" мекемесі Астана әкімдігімен бірігіп, жолды 18 бағыт бойынша тазалауда. Қатты жел және қар жауған уақытта біз оларға қол ұшын береміз. Бірақ күннің күрт суытуы мен көктайғақтан 1 тәулік ішінде 100-ден астам оқиға тіркелді. Жол апаты салдарынан қаза болғандар жоқ",–  деді полиция подполковнигі.

Сонымен қатар, ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы жүргізушілерге көліктерін рұқсат етілмеген жерде қалдырмауын сұрады.

"Қар жауған уақытта көліктеріңізді рұқсат етілмеген жерде және жолдың бойына қалдырып кетпеңіздер. Бұл жолды қардан тазалауға кедергі болады. Әсіресе, түнгі уақытта тастауға болмайды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу