М. Горький атындағы МАОДТ-да Театр күні атлып өтті. Биыл астаналық драма театр жоғары марапатқа – Ресей президенті Владимир Путиннің алғысына ие болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Бұл күні театр достары мен қонақтарын көптеген тосын сый күтті: театр холында олардың әрқайсысына шампан, театрдың фирмалық тәттілері, қымыз және бауырсақ, наурыз көже таратылды.
Салтанатты рәсім театрдың директоры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Қасеновтің құттықтау сөзінен басталды, ол барша қатысып отырғандарға театрға деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдірді. 2017 жылы Еркін Қасеновтің осы театрды басқарып отырғанына 10 жыл толды. Оның басшылығымен театр "Академиялық" мәртебесіне ие болып, өзін тек Ресей мен ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар Азия мен Еуропада да мойындатты.
Алайда, директордың шығармашылық мерейтойы – биылғы жылдың есте қаларлық жалғыз оқиғасы емес: М. Горький атындағы МАОДТ орыс мәдениетін сақтау және насихаттау үшін берілетін Ресей президентінің жоғары наградасына ие болды. Театрға награданы Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников табыс етті.
Театр жұмысын жалпы бағалаудан кейін театрдың жекелеген қызметкерлері де марапатталды.
Шараның салтанатты бөлігі аяқталғаннан кейін театр атынан естелік сыйлықтар ұтыстары және байқаулар өткізілді.