Астаналық тұрғын бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған

279

Тергеу мәліметінше, ер адам нысанның аумағына еркін кіріп, электр кабелін алып кеткен.  

Астаналық тұрғын бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған Фото: ЖИ көмегімен жасалды

31 жастағы жігіт кезінде өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан миллиондаған теңгенің электр кабелін ұрлады деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұрланған мүліктің жалпы құны 21 миллион теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Анықталғандай, ол нысанның құрылымын, күзет жүйесін және материалдық құндылықтардың орналасуын жақсы білген. Осыны пайдаланып, қылмысқа барған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция мүлік иелеріне өндірістік және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бейнебақылау жүйелерін жетілдіруді және материалдық құндылықтардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізуді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу