Айтуынша, банкроттыққа өтініш беру бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында тіркелген – 23 640 өтініш. Ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 1 924 өтініш. Бұл айырмашылық әр өңірдегі халық тығыздығына байланысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- Банкроттардың орташа жасы – 44 жас.
- Ең егде банкрот – 1943 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, қарызы 370 мың теңге.
- Ең жас банкрот – 2005 жылы туған Астана тұрғыны, берешегі 856 мың теңге.
Банкроттыққа жүгінгендердің көпшілігі – ер адамдар (52%).
2,1 млрд теңге қарызы бар астаналықтың жағдайы не болды?
Банкрот деп танылу бойынша ең үлкен қарыз сомасы Астана тұрғынына тиесілі – 2,1 млрд теңге. Қазіргі таңда оның банкроттық өтінішіне кредитор шағым түсіріп, іс сотта қаралуда.
— Бұл соманың осыншалықты ұлғаюына 2007 жылы алынған несиенің бағамдық айырмашылығы әсер еткен, — деді Ахметов.
Банкрот деп танылған азаматтардың 5%-ы (1342 адам) атаулы әлеуметтік көмек алады.
44%-ында (9 891 адам) қарыздарын 5 жылдан астам уақыт төлемеген.
Мамандардың айтуынша, банкроттық рәсімдеудің заңды процестері ұзаққа созылуы мүмкін, әсіресе егер кредиторлар өтінішке шағым түсірсе.