Астаналық үш азамат Малайзиядағы шоттардан 5 млн теңге ұрлаған

727

Астаналық үш азамат Малайзиядағы шоттардан 5 млн теңге ұрлаған

Астана қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері Малайзия азаматтарының шоттарынан POS-терминал арқылы қаржыны қолды еткен Астананың үш тұрғынына қатысты қылмыстық істің өндірісін тоқтатты. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

"Қылмыстық әрекеттердің салдарынан келтірілген шығын 5 млн теңгеден асты. 2016 жылдың 21 желтоқсанында қылмыстық іс қарау үшін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотына жолданды", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органының өкілдері азаматтарды сақ болуға шақырды. Жалған СМС-хабарламалар тарату арқылы қаржы жымқыру әрекеттері 10 жыл бұрын пайда болған болса, бүгінде мұндай тәсілдер саны өте көп. Алаяқтар Қазақстан банктерінің клиенттері болып табылатын азаматтардың қаржыларын қолды етіп қана қоймай, жаңа технологияларды қолдана отырып, шетелдік банктердің есептерінен де қаржы жымқырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу