Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады

532

Аталған бастамаға "TANYM" көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысты.  

Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының Білім басқармасы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, 10 тамызда тағылымды челлендж бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерекше бастамаға "TANYM" көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттады. Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу