Олар "AI4Inclusion" жобасы арқылы жасанды интеллектіні қолданып, инклюзивті білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бастаманың басты мақсаты – әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сай келетін қолайлы әрі қолжетімді білім беру ортасын құру. Ол үшін оқу материалдарын балалардың мүмкіндіктеріне қарай бейімдейтін жасанды интеллект құралдарын пайдалану көзделген.
Алдағы алты ай ішінде жобаға қатысушылар оқушылардың қажеттіліктерін зерделеп, жасанды интеллект негізіндегі көмекшілерді тәжірибе жүзінде сынақтан өткізеді. Жұмыс аяқталған соң оқыту семинарлары өткізіліп, жобаны іске асыру барысында жинақталған тәжірибе педагогтерге ұсынылады.
Youth Empowerment Fund халықаралық байқауы Еуропалық одақтың қолдауымен, сондай-ақ Global Youth Mobilization, World Scouting және YMCA сияқты халықаралық жастар ұйымдарының серіктестігімен ұйымдастырылады.
№101 мектеп командасының бұл жетістігі білім беру саласына заманауи технологияларды енгізуге және барлық оқушыға тең мүмкіндік жасауға бағытталған бастамаларды дамытуға жол ашады.