Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.
Елордада 100 мыңға жуық тұрғынға Қарттар күніне орай шамамен 10 мың теңгеден беріледі. Зейнеткерлерге өткен жылғыдай 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.
Ал Алматы қаласында мұндай төлемдер қарастырылмаған. Қала билігінің түсіндіруінше, зейнеткерлерге бюджет есебінен 13 түрлі қызмет көрсетіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу